«Шығыс Қазақстан облысында ауа райы айтарлықтай қатқыл. Мұнда бақша шаруашылығының тәуекелі жоғары. Тек қыс мезгіліне шыдамды дақылдар мен сорттарды өсіру пайда әкелуі мүмкін. Осыған байланысты бұл сала іс жүзінде дамымай отыр», — деп хабарландырды департамент.
«Облыс шаруашылығы үшін бұл өндіріс жекелеген шаруашылықтарды есептемегенде тауарлық болып табылмайды. Өнім негізінен жеке тұтыну үшін шығарылады», — деп атап көрсетті ведомство.
Статистика департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, облыс халқының жеміс-жидек және бақша өнімдерімен өз өндірісі есебінен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Өндіріс көлемі халықтың сұраныс көлемінің үштен бірін қамтамасыз етуге ғана жетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті