Шығыс Қазақстан облысында белгісіз біреулер екі орман шаруашылығының аумағында 46 майқарағайды кесіп тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында белгісіз біреулер екі орман шаруашылығының аумағында 46 майқарағайды кесіп тастады

Шығыс Қазақстан облысында белгісіз біреулер екі орман шаруашылығының аумағында 46 майқарағайды кесіп тастады

Семей. 23 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында белгісіз біреулер екі орман шаруашылығының аумағында 46 майқарағайды кесіп тастады. Бұл туралы агенттік тілшісіне ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Қараша 2007
  • 426
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Самырсынды орман шаруашылығының №1 кварталының аумағында табиғат қаскөйлері 44 ағашты кескен. Қазір шығын көлемі есептелуде.

Сонымен бірге, осы тектес оқиға Бутаковка орман шаруашылығының №35 кварталында болды. Бұл жерде қаскөйлер 2 майқарағайды кескен. Бұл оқиғадан келген шығын көлемі 40 377 теңгені құрады.

Осы деректер бойынша тергеу -тексеру амалдары жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті