«Бұқтырма су қоймасы мемлекеттік тапсырыс жоспары бойынша екі жасар 1 млн тұқы балықтарын алуға тиіс»,- деп хабарлады басқармадағылар. Олар, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының негізгі балық өсіруші су қоймасы болып табылатын Бұқтырма су қоймасына балық төлдері Бұқтырма уылдырық шашу және балық өсіру шаруашылығы тоғандарынан жіберілетіндігін хабарлады. Жұмыс Зайсан-Ертіс балық шаруашылығы басқармасының жанында арнайы құрылған комиссияның қадағалауымен жүргізіледі.
Сонымен қатар, басқармадағылардың хабарлауынша, Бұқтырма су қоймасына биылғы жылғы және екі жасар балық төлдерін жіберу жөніндегі тендерде жеңіске жеткен табиғатты пайдаланушылар қазірдің өзінде Бұқтырма уылдырық шашу және балық өсіру шаруашылығымен шарт жасасқан.