Шығыс Қазақстан облысында дауылдың зардаптары жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.49
  • 552.59
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында дауылдың зардаптары жойылды

Шығыс Қазақстан облысында дауылдың зардаптары жойылды

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында 14-маусымда болған дауылдың зардаптары жойылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Маусым 2005
  • 418
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Күршім ауданында жылдамдығы секундына 25 метрге жеткен құйын бас-аяғы 10-15 минутқа созылды. Табиғи апат салдарынан электр жалғастыру желілерінің 50 проценті үзіліп, үйлердің шатыры жұлынды.

16-маусым күнгі 18 сағаттағы жағдаймен электр жалғастыру желілері қалыпқа келтіріліп, үйлер тоққа қосылды. Қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оқыс оқиғаның зардаптарын жоюға 22 адам мен 5 техника жұмылдырылды.