«Биылғы түсімді сақтау, жемдік базаны дер кезінде әрі сапалы дайындау- аса маңызды, алайда, осының бәрі қазіргі күн райы ахуалында үлкен күш-жігерді талап етеді», — деді А. Бергенев.
«Мамыр -маусым айларындағы аптап ыстық ауылшаруашылығы дақылдарының дамуына кері әсер етті. Әсіресе, бидай мен майлы дақылдардың ерте егілген бөлігі қатты зардап шекті. Облыстың дихандары межеленген түсімді жинай алмай қала ма деген қауіп бар», — деді әкім.
Аудандардың алдын-ала мәліметінше, облыс бойынша 296,2 мың тонна немесе 2007 жылғы деңгейден 2,6 есе төмен астық жиналмақшы. Орташа шығымдылық бір гектардан 5-6 центнерді құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті