Шығыс Қазақстан облысында екі жасар қыздың өліміне күдікті оның анасы құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.53
  • 543.73
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында екі жасар қыздың өліміне күдікті оның анасы құрықталды

Шығыс Қазақстан облысында екі жасар қыздың өліміне күдікті оның анасы құрықталды

ӨСКЕМЕН. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында екі жасар қыздың өліміне күдікті оның анасы құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметінен.

  • 1 Ақпан 2007
  • 347
Фото - Caravan.kz



«Шақырту бойынша келген полиция қызметкерлері екі жарым жасар қыздың денесі мен қанға малынған пышақ тапқан»,- дейді баспасөз қызметінде. «Жедел-тергеу тобы қаныпезерді табуға барлық күшін салды»,- деді сұхбаттасушы.

Кешікпей қыздың 26-жасар анасы құрықталды. «Жауап алу барысында әйел оның өз баласы емес екендігіне сенімді болғандығын, оны белгісіз бір күштің қыздан тез арада құтылуға итермелегенін айтты»,- деді полиция қызметкері.

Қазіргі уақытта бала өлімі дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған әйел психиатриялық сараптамаға жіберілді.