Жарияланды: 550

Шығыс Қазақстан облысында малшаруашылығы өнімінің көлемі ұлғайды

Шығыс Қазақстан облысында малшаруашылығы өнімінің көлемі ұлғайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында облыстағы барлық категориялы шаруашылықтарда сойысқа арнап мал және құс сату көлемі тірі салмағы бойынша 46,4 мың тоннаны құрады. Бұл 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 5,5% артық. Ал сүт өндіру көлемі 267,3 мың тонна (+10,3%), жұмыртқа өндіру мөлшері 123,7 млн. дананы (-10,0%) құрады. Ет өндіру көлемінің үлес салмағына қарай Шығыс Қазақстан облысы республика көлемінде 8,9 процентпен 4-орын, 12,6%-ті құрайтын сүт өндіру көлемімен 2-орын, 10,2% көрсеткішпен жұмыртқа өндіру көлемі бойынша 3-орынды иемденеді. Үстіміздегі жылдың қаңтар-маусым айларында сиыр түлігі санының орташа айлық өсімі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 8,2%-ке артты. Шығыс Қазақстан облысының 16 ауданында бір сиырға шаққандағы сауылған сүт мөлшері 958-ден 977 кг-ға дейін өсті. Ең жоғары көрсеткіш 1338 кг шамасында тіркелді. Бұл облыстық орташадан 1,4 есе артық. Ет және сүттің басым бөлігін жеке меншік шаруа қожалықтары өндіруде. Олар өндірген өнім мөлшері тиісінше 72,8% және 85,8%-ті құрады. Өндірілген ет мөлшерінің үштен бір бөлігі Ұлан (9,2 мың тонна) және Үржар (5,1 мың тонна) аудандарының үлесінде. Сүттің 26,3 проценті Ұлан (24 мың тонна) ,Үржар (23,4 мың тонна) және Шемонаиха (22,9 мың тонна) аудандарының үлесіне тиеді. Ең көп мөлшердегі жұмытқа өнімі Семей (39,9 млн. дана) және Глубокое аудандық (33,6 млн. дана) құс фабрикаларында өндірілді. Бұл облыс бойынша жалпы көлемнің 59,4%-ін құрайды. Бұл ретте Семей құс фабрикасында жұмыртқа өндіру көлемі 3,3 млн. данаға (7,6%) , Глубокое аудандық құс фабрикасында 15,5 млн. (31,5% )данаға кеміді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть