Шығыс Қазақстан облысында медициналық мекемелерді жаңа санитарлық көліктермен жабдықтау жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында медициналық мекемелерді жаңа санитарлық көліктермен жабдықтау жұмыстары басталды

Шығыс Қазақстан облысында медициналық мекемелерді жаңа санитарлық көліктермен жабдықтау жұмыстары басталды

Өскемен. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында медициналық мекемелерді жаңа санитарлық көліктермен жабдықтау жұмыстары басталды. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің ішкі саясат департаменті хабарлады.

  • 29 Шiлде 2008
  • 448
Фото - Caravan.kz

«Бүгін Өскеменде жоспарланған 21 санитарлық көліктің алғашқы 10-ын тапсыру рәсімі өтті», — деп хабарлайды департаменттегілер.

Департамент ақпаратына сәйкес, алғашқы 10 машинаны Семей және Риддер қалаларының жедел жәрдем станциялары, Зыряновск қаласының №1 және №2 медициналық бірлестіктері, Семей қаласының №5 және №7 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары , Семейдегі аралас үлгідегі №4 және №5 емханалары алды.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Эрнест Қалиевтің айтуынша, «алдағы уақытта жергілікті бюджет есебінен санитарлық авиация үшін 3 реанимациялық автокөлік пен жедел жәрдемге арналған 20 көлік сатып алынады».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті