Шығыс Қазақстан облысында өңірдегі ірі ұн тарту комбинаты ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында өңірдегі ірі ұн тарту комбинаты ашылды

Шығыс Қазақстан облысында өңірдегі ірі ұн тарту комбинаты ашылды

ШҚО Шемонаиха қаласында өңірдегі ірі ұн тарту комбинаты ашылды. Жаңа кәсіпорын тәулігіне 600 тоннадан астам астық өңдеп,

  • 20 Мамыр 2014
  • 811
Фото - Caravan.kz

30 жаңа жұмыс орнын ашады. Комбинаттың көпжылдық жоспарында — жақын шетелдердегі экспорт нарығына шығу.

Кәсіпорында өнімнің 15 түрі шығарылады, бұл осы сияқты зауыттардың стандартына сай. Сондай-ақ мұнда тауықтарға, 1-4 апталық және 5 аптадан асқан балапандарға, ірі қара мен шошқаларға құрама жем-азық шығарылады.

Бүгін өндіріс орнының жұмысымен ШҚО әкімі танысты. Аймақтың ауылшаруашылық өкілдері әкімді болашақ жоспарларымен таныстырды. ШҚО-да шетелдер мен өзге облыстардан жем сатып алуға мәжбүр ауылшаруашылық фермалары өте көп. Сондықтан бұл инвестициялық жоба көптеген агроөндірістік кешендер мен шаруашылықтар үшін пайдалы. Жақында комбинаттың толық қуатымен жұмыс істеуі іске қосылғанда өнімділік көлемі сағатына 25 тоннаға, тәулігіне 600 тоннаға, ал айына 18 000 тоннаға дейін артады. Бұл осы аймақты ғана емес, сонымен бірге ТМД кей елдерін мал азығымен қамтамасыз етуге жол ашады.

Б.Сапарбаевтың сөзіне қарағанда, өнімді қайта өңдейтін кәсіпорындар аса керек. Себебі, жергілікті өндірістің жемі сатып алынатын азықтан 30%-ға арзанға түседі. Ал қазіргі таңда мемлекеттік қолдаудың арқасында әрбір ауылшаруашылығы өкілі өз өндіріс орнын аша алады.