Шығыс Қазақстан облысында өрт 30 гектар бидайды шарпыған - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында өрт 30 гектар бидайды шарпыған

Шығыс Қазақстан облысында өрт 30 гектар бидайды шарпыған

Астана. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында тілсіз жау 30 гектар бидайды жалмады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 5 Қазан 2007
  • 392
Фото - Caravan.kz

Өрт сейсенбіде, 2-қазанда Шемонахинск ауданында шыққан. «Өрт қураған шөптен шығып, қатты желден «Защита-Уба» ЖШС бидай алаңына көшкен»,- деді мекеменің баспасөз қызметіндегілер.

Өт сол күні 20.20. ауыздықталған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 11 адам жұмылдырылған, оның ішінде өрт сөндіру қызметінің алты қызметкері бар. «Нақтыланған мәліметтерге сүйенсек, өртенген бидай алқабы 30 гектарды құраған»,- деп хабарлады Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті