Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданы, Самарское ауылының Бөкетов көшесінде 4 тамызда жай үйде сағат 22.54-те 90 шаршы метр жерде өрт шықты.
Өрт салдарынан 56 жастағы ер адам қайтыс болып, 26 жастағы жігіт күйікпен ауруханаға жатқызылды. Өрт сағат 02.00-де ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті