Шығыс Қазақстан облысында “Қазақмыс” кенішінде жұмысшы жарақаттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында “Қазақмыс” кенішінде жұмысшы жарақаттанды

Шығыс Қазақстан облысында “Қазақмыс” кенішінде жұмысшы жарақаттанды

АСТАНА. 30-маусым. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында “Қазақмыс” корпорациясының Белоусовск кенішінде тау жынысының опрылып түсуі салдарынан жұмысшы жарақаттанды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Маусым 2006
  • 380
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 29-маусымда 11 сағат 30 минутта болған.

Соның салдарынан жарақаттанған жұмысшы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен жұмысшыны министрліктің 10 адамы жер бетіне шығарып алды.