Жарияланды: 550

Шығыс Қазақстан облысында "Қазақстанның мектеп оқушысы -2003" атты дәстүрлі халықаралық көп күндік веложарыс өтеді

Шілденің 31 мен тамыздың 10-ы аралығында Шығыс Қазақстан облысында "Қазақстанның мектеп оқушысы -2003" атты дәстүрлі халықаралық көп күндік веложарыс өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық білім беру департаментінің балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директоры Анатолий Поберей хабарлады.

Оның айтуынша, бұл веложарыс еліміз бойынша биыл 34-ші мәрте, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысында төрт мәрте қатарынан өткізіліп отыр. Жарысты ұйымдастырушы болып табылатын ҚР білім және ғылым министрлігі мен ҚР велосипед спорты федерациясы өкілдерінің айтуынша, оған себеп, Шығыс Қазақстан облысындағы трассалар веложарыс ұйымдастыруға қолайлы таулы әрі жазық беткейлі болып келеді. А.Поберейдің айтуынша, жарысқа 150 Қазақстандық велосипедшімен бірге, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейлік 36 спортшы қатысады. 8 сатыдан құралатын веложарыс 25 шақырымдық жеке сайыстан басталады. Сонымен бірге, спортшылар 100 шақырымдық 5 топтық жарысқа, 50 шақырымдық құрамалық жарысқа қатысуы тиіс. Ал жалпы жарыс 60 шақырымдық критериум жарысымен аяқталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть