Шығыс Қазақстан облысында "Қазмырыш" кен орнында жұмысшы мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында  "Қазмырыш" кен орнында жұмысшы мерт болды

Шығыс Қазақстан облысында "Қазмырыш" кен орнында жұмысшы мерт болды

АСТАНА. 4-сәуір. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында "Қазмырыш" АҚ кен орнында жұмысшы мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Сәуiр 2007
  • 487
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, Риддер қаласындағы Риддер тау-кен байыту комбинатының Риддер-Сокольный кен орнында 3-сәуірде 14 сағат 15 минутта бір кенші кен шығару жұмыстары барысында абайсызда өз үстіне тау тыныстарын түсіріп алды. 43 жастағы ер адамды тау-кен саласының құтқарушылары жер бетіне шығарып, ауруханаға жеткізгенімен, кешікпей ол ауруханада қайтыс болды.

Оқиға орнында ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің «Кен» РМК тау-кен құтқарушыларының тобы жұмыс істеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті