Шығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаның ахуалын бақылау жөніндегі зертхана құру жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаның ахуалын бақылау жөніндегі зертхана құру жоспарлануда

Шығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаның ахуалын бақылау жөніндегі зертхана құру жоспарлануда

Өскемен. 16-қараша. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы Шығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаның ахуалын бақылау жөніндегі арбитраждық талдамалық зертхана құрылатын болады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментіне сілтеме жасай отырып.

  • 16 Қараша 2007
  • 579
Фото - Caravan.kz

«Зертхананың жаңа құрылғылары ауаны ластайтын заттардың жалпы салдарын анықтап, Өскеменнің экологиялық проблемаларына мүлдем басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді»,- деп түсіндірді департаменттегілер.

Мекеменің ақпараттарына сүйенсек, 20 маман-экологтар ауаға, топырақ қабаты мен суға тәуелсіз талдау жүргізуде. Қазір мұндай сынақтарды тек Шығыс Қазақстан облысының гидрометеорология орталығының қызметкерлері ғана жасайды. «Жаңа мәліметтер өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаны ластағаны үшін төлейтін төлемдірінің көлемін қайта есептеуге мүмкіндік береді»,- деп түсіндірді департаменттегілер.

Облыстық гидрометеорология орталығының мәліметтеріне сүйенсек, «Өскеменде 2-ші деңгейлі ауа райының бұзылуы жетінші тәулік бойы байқалуда. Желдің нашар соғуы мен ауаның нашар желдетілуіне байланысты кәсіпорындарға өндіріс салмағын төмендету туралы, қала тұрғындарына көшеде жүруді шектеу туралы нұсқама берілген».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті