Шығыс Қазақстан облысында үш көлік апатынан 4 адам, соның ішінде 10 жасар бала зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында үш көлік апатынан 4 адам, соның ішінде 10 жасар бала зардап шекті

Шығыс Қазақстан облысында үш көлік апатынан 4 адам, соның ішінде 10 жасар бала зардап шекті

Семей. 17-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында үш көлік апатынан 4 адам, соның ішінде 10 жасар бала зардап шекті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне жедел медициналық жәрдем станциясынан хабарлады.

  • 17 Қазан 2007
  • 430
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлердің ақпараттарына сүйенсек, 16-қазанда 15 сағат шамасында Шульбинск тасжолында жеңіл көлік аударылып, апат салдарынан екі адам зардап шекті. «55 жастағы әйел көптеген жарақаттар алып, миы қозғалған, ал 54 жастағы еркектің қабырғалары сынып, басы жарақаттанған»,- деп түсіндірді дәрігерлер.

Сәл кешірек, Семей қаласының № 37 мектебінің маңында 10 жасар баланы көлік қағып кеткен. «Көлік баланың аяғынан басып өткен, аяғы сынбаған, бірақ бұлшық еттері жаншылған»,- деді дәрігерлер.

15 сағатта геологиялық барлау техникумының жанында тағы бір адамды көлік соққан. «Жеңіл көліктің дөңгелегі жарылып, жүргізушісі сыртқа шығып, оны жөндей бастаған. Осы сәтте оны көлікті мас күйінде басқарған тағы бір жүргізуші қағып кеткен»,- деді станциядағылар. Олар сондай-ақ, 24 жастағы еркектің жіліншігі сынып, ауруханаға жеткізілгендігін хабарлады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті