«2007 жылы Өскемен мен Үржар қалаларының бас жоспарын әзірлеуге қаржы бөлінген болатын. Үстіміздегі жылы біз Глубокое аулының бас жоспарын аяқтауды жоспарлап отырмыз»,- деп хабардар етті Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала салу басқармасының бастығы Александр Ширшов.
А. Ширшовтың айтуынша, «Өскемен мен Семей қалаларының сырт бейнесі шұғыл жаңалауды қажет етеді. Бей-берекет салынған құрылыстар облыстың басты екі қаласының кескін-келбетін кетіріп жіберген».
Басқарма мәліметтеріне сүйенсек, 20 жылда облыс орталығы құрылысының бас жоспары болмаған. Оны әзірлеуге 4 жыл кетті. Жоспар 2010 жылға дейін есептелген. Оны кезең-кезеңмен жүзеге асыруға жыл сайын 150 млн теңге бөлінетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті