Жаңа балабақша Новохайрузовка аулында ашылған және де Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданындағы мектеп жасына дейінгі үшінші мекеме болып табылады. «Әзірге жаңа ашылған балабақша 2-ден 5 жас аралығындағы 15 балғынға арналған, бірақ оны одан әрі кеңейту көзделіп отыр»,- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
«Ауданда президенттің жолдауын жүзеге асыруда көптеген игі істер жасалып жатыр. Новохайрузовск округін алып қарайтын болсақ, өткен жылы орталықта орта мектеп пайдалануға берілген. Биыл осы ауылдағы балабақшаға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 3 млн 680 мың теңге бөлінген»,- деп атап өтті Қатон-Қарағай ауданы әкімінің орынбасары Қайыржан Садуов балабақшаның ашылу салтанатында.
Ол сондай-ақ балабақша басшысына аудан әкімінің атынан түрлі түсті теледидар табыс етті. Балабақша бұрынғы мектептің екі қабатты ғимаратында орналасқан. Мекемеде ойын және ұйықтайтын бөлмелер, асхана, медицина кабинеті бар. «Балабақшаның ашылуы жұмыссыз әйелдердің балаларын бізге қалдырып, алаңсыз жұмысқа баруларына мүмкіндік береді. Балабақшаның бір күні 175 теңге. Қазір «Надежда» шаруашылығымен азық-түлік тасымалдау туралы келіссөздер жүргізіліп, келісім-шарт жасалуда»,- деді балабақшаның меңгерушісі Салтанат Мұқатаева.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті