Жарияланды: 430

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан Қытайдың төрт азаматы зардап шекті

Астана. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан Қытайдың төрт азаматы зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында Омск - Майқапшағай тас жолының 1258-ші шақырымында 15 қыркүйекте "Мицубиси Паджеро" көлігінің жүргізушісі "КамАЗ" көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан "Мицубиси Паджеро" жүргізушісі мен оның үш жолаушысы -Қытай азаматтары түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін