Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 200-ден астам қылмыс әшкереленген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 200-ден астам қылмыс әшкереленген

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 200-ден астам қылмыс әшкереленген

Семей. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 200-ден астам қылмыс анықталған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Сәуiр 2008
  • 378
Фото - Caravan.kz

«Тек осы 2008 жылдың ішінде есірткі саудасымен күрес қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымымен байланысты 203 қылмысты анықтады. Заңсыз айналымнан 56 килограмнан астам есірткі заты тәркіленді. Оның 1 килосы героин», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Сараптама нәтижелері көрсеткендей, қабылданып жатқан шараларға қарамастан Шығыс Қазақстан облысындағы есірткімен байланысты жағдай ауыр қалпында қалып отыр. Қазіргі уақытта, ресми статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Қазақстанда есірткіге тәуелді халықтың 11,5 пайызы қатерлі топқа жатады. Ал олардың нақты саны бұдан әлдеқайда көп», — деп атап көрсетті ІІД.

Департамент берген ақпаратқа сүйенсек, есірткіні пайдаланатын және тіркеуге алынған адамдар саны күн санап өсіп келеді. Облыстық есірткі диспансерінің мәліметтеріне сүйенсек, «нашақорлық» диагнозымен тіркеуде тұрған адамдар саны 2007 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 3248-ден 3752-ге дейін немесе 15,5 пайызға артқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті