Жарияланды: 410

Шығыс Қазақстан облысындағы астық түсімі биыл былтырғыдан екі есе төмен болады

Өскемен. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысындағы астық түсімі биыл былтырғыдан екі есе төмен болады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстың ауыл шаруашылық басқармасына сілтеме жасай отырып.

"Былтыр облыстың өсімдік өсіруші мамандары бір гектар жерден 12-13 центнер астық жинаған. 2008 жылдың астық түсімі алдын ала есептеулер бойынша одан екі есе төмен, гектарынан 5-6 тоннадан болады, деп хабарландырды ведомство. Басқарма мәліметтеріне сүйенсек, алдағы 7 - 10 күнде шығын болған егіннің жалпы көлемі белгілі болады. Тағы да алдын ала есептеулер бойынша, күнбағыстың ширек бөлігі, астық тұқымдастардың 180 мың гектары, яғни, 27-28 пайызы күйіп кеткен. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін