Өртке қарсы құрылымдар мен апаттық-құтқару қызметтерінің іс-қызметін үйлестіру жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Бауыржан Бадылбаевтің хабарлауынша, ең жақын өрт сөндіру бөлімшесі ауылдан 40 шақырым қашықта орналасқан, сондықтан да өрт сөндірушілер жалын мая шөптің басым бөлігін шарпыған кезде ғана келіп жеткен. Өрт сөндірушілер нысанда жексенбі бойы жұмыс істеген. Нәтижесінде олар тек 60 тонна шөпті ғана аман сақтап қалған.
Қазіргі уақытта өрттің шығуына қатысты екі болжам қаралып жатыр — абайсыздықта өрт шығару және қасақана өртеу. «Өрт шыққанын көріп жүгіріп жеткен адамдар балаларды көрген»,- деп хабарлады Б. Бадылбаев. «Шамасы, шөпті солар өртеген, бірақ бұл дәлелденбеген дерек. Өкінішке орай, ешкімді ұстау мүмкін болмады»,- деп түсіндірді ол.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 320 тонна шөп өртенген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті