Жарияланды: 540

Шығыс Қазақстан облысындағы Шүлбі Су электр станциясында шлюзды арна салу жұмысы 2004-жылдың соңында аяқталады

Шығыс Қазақстан облысындағы Шүлбі Су электр станциясында шлюзды арна салу жұмысы 2004-жылдың соңында аяқталады. Бұл туралы "Суөнеркәсіптік құрылысы" ААҚ директорының орынбасары Владимир Крекнин мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір шлюзды салу жұмыстары жоспардағыдан жылдам қарқынмен жүргізілуде. Соның нәтижесінде құрылыс жұмыстарын межедегі 2005-жылдан бұрынырақ бітіруге мүмкіндік бар. В.Крекниннің хабарлауынша, нысанды салу тіпті сонау 1976-жылы басталған көрінеді, алайда қаржы тапшылығынан ол сақалды құрылыстың кебін киді. Сөйтіп бастапқыда тек қазба жұмыстарымен ғана шектелген жұмыс 1988-жылы қайтадан жанданып, алғашқы текше метр бетон құйылды. Кейінірек қаржыландыру мүлдем доғарылып, құрылыс салу жұмыстары тоқтатылыпты. Ал 2002-жылы нысанды салу жөніндегі тендерде "Суөнеркәсіптік құрылысы" ААҚ жеңіске жетіп, жұмыс қайтадан жанданды. В.Крекниннің айтуынша, 2003-жылы шлюзды арнаның құрылысын салып аяқтауға арнап республикалық бюджеттен 900 млн. теңге бөлінді. Шлюз құрылысын қайтадан сала бастау нәтижесінде Шүлбі ауылында бетон және арматура зауыттары мен темір-бетон құрылғылар өндіруші кәсіпорындар іске кірісті. Қазір бұл нысандарда 200 адам еңбек етуде. Шлюзды арнаны пайдалануға бару нәтижесінде, мамандардың айтуынша, ең арзан көлік түрі болып саналатын Ертіс өзеніндегі кеме қозғалысы қайтадан жанданады деп күтілуде. Шлюзды салушылардың кәсіптік мерекесі- Энергетиктер күніне орайластырып 2004-жылдың 24-желтоқсанында нысанды ақырғы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть