Жарияланды: 520

Шығыс Қазақстан облысындағы темір жол бекеттерінің бірінде цистернадағы күкірт қышқылы төгілді

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласындағы темір жол бекетінде 2003-жылдың 25-маусымында таңғы сағат 5 00-де цистернадағы күкірт қышқылының аздап төгілу оқиғасы тіркелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне қарағанда жүкті жіберуші - Өскемендегі "Қазмырыш" компаниясы болса, оны қабылдап алушы - Оңтүстік Қазақстан облысының Шайқұрық қаласындағы "Қазфосфат" компаниясы көрінеді. Күкірт қышқылы төгіле бастаған цистерна темір жол тұйығына жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін