Жарияланды: 470

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ақмола және Қостанай облыстарынан азық-түліктік бидай сатып алу жөніндегі меморандумдарға қол қойды

Семей. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ақмола және Қостанай облыстарынан азық-түліктік бидай сатып алу жөніндегі меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"14 тамызда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Әділғазы Бергенев Ақмола және Қостанай облыстарынан азық-түліктік бидай сатып алу жөніндегі меморандумдарға қол қойды ", - деп хабарлайды әкімдік. Шығыс Қазақстан облысы мен Ақмола облысының әкімдері қол қойған меморандумға сәйкес, солтүстік өңірдегі астық өндірушілер Шығыс Қазақстан облысына 75 мың тонна астық пен 15 мың тонна ұн жіберуге міндеттеме жүктеп алды. Осындай меморандумға Ә. Бергенев Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагинмен бірге де қол қойды. Қостанайлықтар ШҚО-ына 120 мың тонна астық береді. Аталған көлемдер облыстың сұранысын толық өтейді, деп хабарлайды әкімдік. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін