«Бейнемобильдер дыбыс күшейткіш аппараттармен, электрондық кинотеатр жабдықтарымен, ноутбукпен, сандық бейнекамерамен және фотоаппаратпен жабдықталған, яғни онда шалғай ауыл тұрғындарының бос уақытын көңілді өткізуге қажеттінің барлығы бар»,- деп түсіндірді әкімшіліктегілер. Олар сондай-ақ көліктерді сатып алуға облыстық бюджеттен 35 млн теңге бөлінгендігін де атап өтті.
«Бейнемобильдер Абай, Бесқарағай, Зайсан, Қатон-қарағай, Күршім, Тарбағатай және Үржар аудандарының мәдениет бөлімдерінің бастықтарына табыс етілді»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Олардың ақпараттарына сүйенсек, жыл аяғына дейін облыстың тағы жеті аймағына бейнемобиль бөлу жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті