Жарияланды: 770

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданы 80 жылдық мерейтойын тойлайды

Семей. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданы 80 жылдық мерейтойын тойлайды. Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Аягөз ауданының 80 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған салтанатты шаралар тамыздың 15 мен 17 аралығында өтеді", -деп хабарлайды баспасөз қызметі. Шараларға сенатор Оралбай Әбдікәрімов, парламент мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбильянов, "Қазақалтын тау-кен металлургиялық концерні" АҚ директорлары кеңесінің президенті Тоқтархан Қожағапанов, ақын Фариза Оңғарсынова және басқа да құрметті қонақтар қатысады. "Мерейтой салтанаттары аясында мешіттің және Аягөз ауданының дамуына үлкен үлес қосқан құрметті жерлестердің атымен аталған екі көшенің ашылуы өтеді. Сондай-ақ, мерекелік шаралар аясында Аққожа бидің мазары мен Қозы Көрпеш -Баян сұлудың кесенесіне бару, атақты Дос-Мұқасан тобының концерті өтеді деп жоспарланған", -деп хабарлайды әкімдік. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть