Шығыс Қазақстан облысының көліктік бақылау органдары әрекетсіздікке жол беруде және олар жолдардағы салмаққа қойылатын шектеуді қадағаламайды - облыс әкімі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысының көліктік бақылау органдары әрекетсіздікке жол беруде және олар жолдардағы салмаққа қойылатын шектеуді қадағаламайды - облыс әкімі

Шығыс Қазақстан облысының көліктік бақылау органдары әрекетсіздікке жол беруде және олар жолдардағы салмаққа қойылатын шектеуді қадағаламайды - облыс әкімі

Өскемен. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының көліктік бақылау органдары әрекетсіздікке жол беруде және олар жолдардағы салмаққа қойылатын шектеуді қадағаламайды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Әділғазы Бергенев кеңесте хабарлады.

  • 31 Шiлде 2008
  • 447
Фото - Caravan.kz

«Жергілікті жолдардың 50% нашар жағдайда. Бұл бірінші кезекте пайдаланылатын материалдардың сапасының төмендігіне, жол төсенішін төсеу технологиясын ұстанбауға, жолдарда көптоннажды техниканың жүріне, салмақ параметрлеріне тиісті бақылаудың жоқтығына байланысты. Соның салдарынан облыстағы жолдарда жол төсеніші отырып кеткен немесе бүлінген. Бөлінген қаржы дұрыс игерілгенімен, жол салу және жөндеу жұмыстарының сапасы төмен», — деді Ә. Бергенев.

Шығыс Қазақстан облысындағы облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының желісі 8409 шықырымға тең. Соңғы 2 жылда жергілікті маңызы бар 57 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізілді. Ағымдағы жылы 306 шақырым жолды жөндеу, соның ішінде 100 шақырымға күрделі, 206 шақырымға орташа күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. «Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды салу мен жөндеуге 2008 жылы 3389 млн теңге бөлінген», — деді Ә. Бергенев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті