Департамент мәліметінше, ағымдағы жылдың бірінші жартысында өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жүн өндіру көлемі облыстың 18 шаруашылығында, ет өндіру — 15, жұмыртқа өндіру — 12, сүт өндіру — 11 шаруашылықта өсті. Бір сиырға шаққанда сауылған орташа сүт көлемі 1022 кг болды, ал былтырғы қаңтар-маусым айларында 1012 кг болған, бір тауыққа шаққанда жұмыртқа шығымы 114-тен 110 данаға дейін, бір қойға шаққанда қырқылған жүн көлемі өткен жылғы 2,4 килограмм деңгейінде қалды.
Ірі қара мал, қой, ешкі мен жылқы саны ұлғайды. Тек шошқа мен құс саны азайды. «Шаруа қожалықтарында мал саны 38,9 мыңға, ауылшаруашылығы кәсіпорындарында — 3,8 мың басқа көбейсе, халықтың жеке шаруашылықтарындағы мал саны 10,4 мыңға азайды», — деп хабарлайды мекеме.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті