Жарияланды: 870

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны "Бейбітшілік марафоны-2003" атты велосапар жасамақ

2003-жылдың 25-маусымында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны Түгелбек Қасымов "Бейбітшілік марафоны-2003" атты велосапарға шыққалы отыр.

Қасымовтың айтуынша, 11-ші мәрте өткізгелі отырған бұл сапарын ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 63 жылдық мерейтойы мен Қазақстан тәуелсіздігінің 12 жылдығына арнайды. Екі ай ішінде ол София (Болғария) - Белград (Югославия) - Загреб (Хорватия) - Любляна (Словения) - Венеция (Италия) - Женева (Швейцария) - Париж (Франция) бағытында 3 мың шақырым жолды велосипедпен жүріп өтпекші. Түгелбек Қасымов - велосипед спорты бойынша Қазақстанның спорт шебері, халықаралық "Невада-Семей" антиядролық қозғалысының ардагері. Бүгінге дейін 25 мың шақырымды велосипедпен жалғыз өзі жүріп өткен спорт шебері 1990-жылдан бастаған велосапарларын Бейбітшілік үшін жасаған өзіндік ерекше акция деп санайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін