Жарияланды: 540

Шығыс Қазақстан соты тауар белгісін көшіруден заңсыз бәсекелестік белгілерін тапқан жоқ

Қазақстанның мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен облыстық аймақаралық бәсекелестікті қорғау инспециясының нұсқамасының күшін жойды. Монополияға қарсы ведомство «Роса» АҚ-ын «Жигулевское» сырасының сыртқы түрін көшіруді тоқтатуға міндеттеген болатын, деп хабарлайды ШҚО сотының баспасөз қызметі.

«Сот бәсекелестікті қорғау жөніндегі инспекцияның нұсқамасын заңсыз деп танып, күшін жойды. Соттың шешімі заңды күшіне енді», - деп хабарлайды сот бейсенбі күні. Іс материалдарына сәйкес, 2009 жылы «Жигулевское» сырасын өндіруші алматылық «Caspian Beverage Holding» АҚ-ның арызы бойынша бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша аймақаралық инспекциясы заңсыз бәсекелестік белгілерін анықтау үшін «Роса» АҚ өндірісінің сыра бөтелкелерінің ұқсастығына сараптама жүргізді. Тауартанушы-сарапшы «Роса» сыра бөтелкесінің безендірілуі «Caspian Beverage Holding» бөтелкесімен «араласу деңгейіне дейін» ұқсас екенін анықтаған, бұл заңсыз бәсекелестік белгісі ретінде бағаланған. 2009 жылдың қырқүйегінде «Роса»АҚ-на сәйкес нұсқама берілді. Сот амалы барысында «Роса» АҚ әділет министрлігінің «Жигулевское сырасы» Қазақстанда тауар белгісі ретінде тіркелмегені, заңмен қорғалмайтыны және сәйкесінше, жеке меншік болып табылмайтыны туралы қорытындысын ұсынды. Сондай-ақ, сот «Роса» АҚ мен «Caspian Beverage Holding» АҚ бір түрлі тауар шығаратынын анықтады, бұл да заңсыз бәсекелестік белгілері болып табылмайтынын қаулы етті. «Алматылық өндіруші «Жигулевское» сырасын 1982 жылдан бері шығарып келе жатқанын, осының негізінде іскерлік және шаруашылық айналым қағидасы бойынша артықшылықты құқыққа ие екенін алға тартты. Алайда сот оларды негізсіз деп таныды», - деп хабарлайды сот. Бұған дейін хабарланғандай, Шығыс Қазақстанның мамандандырылған экономикалық соты «Восток-Молоко» ЖШС-іне қарсы түсірілген шағымды қанағаттандырмай тастаған. Бұл серіктестік сүт өнімдерінің қораптарында кеңестік мультфильмдердің кейіпкерлері – мысық Матроскин мен сиыр Мурканы бейнелеу арқылы авторлық құқықты бұзды деп айыпталған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть