Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облыстық полициясының қызметкерлері заңсыз аңшылық деректерін анықтау үшін жүргізген рейд шаралары барысында СКС карабинімен марал атып алған Күршім ауданының тұрғынын құрықтады. «Айғақзаттар ретінде СКС қаруы мен маралдың еті тәркіленді», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. «Шығын көлемі 218 400 теңге болды»,- дейді ондағылар.
Сонымен бірше, Атырау облыстық ІІД рейд шаралары барысында Атырау — Индер тас жолының бойында «ГАЗ-3110» көлігін айдаған Индер ауданының тұрғынын ұстады. «Автокөлікті тексеру барысында үш аққудың өлімтігі, 16-шы калибрлі ТОЗ-34 маркалы қосауыз мылтық пен 18 оқ табылған. Шығын көлемі 163 800 теңге болды», -деп хабарлайды мекеме.
Қазір екі оқиға бойынша да ҚР Қылмыстық кодексінің 288 бабы (заңсыз аң аулау) бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті