Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында (Майқапшағай — Омск тас жолының 117-ші шақырымы) 23 шілдеде 17 сағат 40 минутта «ВАЗ-2106» көлігінің жүргізушісі «Ауди» көлігімен соқтығысты.
Соның салдарынан «ВАЗ-2106» көлігінің 42 жастағы жүргізушісі, оның 27 жастағы жолаушысы мен «Ауди» көлігінде отырған 75 жастағы әйел мен 39 жастағы ер адам оқиға орнында жан тапсырды.
Ал Жамбыл облысының Шу ауданы Бірлік ауылында 22 шілдеде 22 сағат 10 минутта «Ауди» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі ауылға кіре берісте арканы соқты. Соның салдарынан көлікте отырған 34 жастағы ер адам мен 20 жастағы қыз қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті