«Жарақаттың тереңдігі соншалық, ауылға хирургты шақыртуға тура келді. Адамдардың қолдары, аяқтары жарақаттанған», — деді департаменттегілер.
Департаменттен атап өткендей, мысық адамдарға ешқандай себепсіз атылған. Бірінші болып аулада кір жайып жүрген 54 жасар әйел зардап шеккен. Одан кейін мысық көрші үйдің ер азаматы мен көшеден өтіп бара жатқан екі адамға атылған.
Оқиға орнына эпидемиолог пен ветқызмет мамандары келді. Мысықты ұстап алып, құтырма ауруын анықтау үшін зерттеуге жіберді. Оның нәтижесі анықталмайынша барлық зардап шеккендер аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.