Шығыс Қазақстанда наурыз мейрамы 7 күн бойы тойланады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда наурыз мейрамы 7 күн бойы тойланады

Шығыс Қазақстанда наурыз мейрамы 7 күн бойы тойланады

Шығыс Қазақстанда Наурыз мейрамы 16-22 наурыз аралығында 7 күн бойы тойланбақ. Облыстық Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Ернұр Бураханның айтуынша, әр күннің өз атауы болады.

  • 12 Наурыз 2014
  • 1644
Фото - Caravan.kz

«Халық Наурыз мейрамы көл-көсір көңілмен тойланса, жыл да сәтті өтеді деп жорыған. Шығыс Қазақстан облысында Түркі халқына ортақ ұлыстың ұлы күні мерекелік іс-шараны салт-дәстүрлер мен ұлттық тағамдар, салт-жоралар қыздыра түспек. Алғашқы «Өніс» және «Қамқорлық» күндері облыс әкімшілігі перзентханалар, балалар мен қарттар үйін араламақ. Содан кейін ауыл еңбеккерлерін, соғыс және еңбек ардагерлерін құттықтайды. «Тазару» күнінде көшелер мен ауланы тазалау жоспарлануда — бұл да түркі халықтары дәстүрлерінің бірі. Төртінші «Ынтымақ» күні аймақ тұрғындары этно-мәдени бірлестіктердің мерекелік концертті тамашалайды, сондай-ақ бұл күні салтанатты рәсім өтетін жерге мерекенің көркі — «Алтыбақан» орнатылмақ». Ал мерекені жаппай тойлау 20 наурыз — «Ырыс күні» жәрмеңкесімен жалғаспақ. Алтыншы «Шаттық күні» қызықты байқаулар мен айтыстар ұйымдастырылады. Таң шапағын ақ тілекпен қарсы алуды жоспарлаған өңір жастарына «Алтыбақан», «Айқұш-ұйқыш, «Айсерек-көксерек», «Алқақотан» ұлттық ойындары өткізіледі», — дейді Е.Бурахан.

Оның айтуынша, басты мереке «Ұлыстың ұлы күні» — 22 наурызда өтеді. Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары мерекенің басты тағамы — наурыз көженің дәмін татады.


«Қала тұрғындары ең үздік киіз үй байқауына қатысып, ұлттық ойындар мен жарыстарға жанкүйер болып, мерекелік іс-шараларды тамашалай алады», — деді ол.