Шығыс Қазақстанда өткір респираторлық вирусты жұқпалы дертті жұқтырудың эпидемиологиялық шегі асып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда өткір респираторлық вирусты жұқпалы дертті жұқтырудың эпидемиологиялық шегі асып кетті

Шығыс Қазақстанда өткір респираторлық вирусты жұқпалы дертті жұқтырудың эпидемиологиялық шегі асып кетті

Өскемен. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстанда өткір респираторлық вирусты жұқпалы дертті жұқтырудың эпидемиологиялық шегі 15 пайызға асып кетті. Бұл туралы агенттік тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік санитарлық эпидемилогиялық қадағалау департаментінен хабарлады.

  • 9 Қаңтар 2008
  • 508
Фото - Caravan.kz

«Соңғы үш аптада 6 мың адамға өткір респираторлық вирусты жұқпалы дертті жұқтырғаны туралы диагноз қойылды. Бұл көрсеткіш өткен қыстағы көрсеткіштен 300 оқиғаға көп», -деп хабарлайды мекеме.

Осы қыста вирустың А1, А3 және В секілді негізгі үш түрі таралуда, олардың арасынан 2008 жылы А3 түріндегі вирус таралмақ. Аурудың өсу көрсеткіші Өскемен, Семей, Аягөз, Зыряновск және Абай аудандарында байқалды.

Эпидемиолог дәрігерлердің айтуынша, «биыл тұмауға шалдыққан балалардың саны өткен жылғымен салыстырғанда 60-65% өскен. Өткір респираторлық вирусты жұқпалы дертпен және тұмаумен ауырудың ең жоғары шегі қаңтардың екінші онкүндігіне дөп келмек».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті