Бұл жігіт ұлтаралық қылмыстық топтың қатысушысы, алдында абайсызда адам өлтіргендігі үшін 7 жылға соталған болатын, ол колонияда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандығы үшін кінәлі деп танылды және қосымша 4 жылға сотталды..
Іс материалдарына қарағанда, түрмеде отырған 22 жастағы жігіт онда заңсыз түрде ойын бизнесін ұйымдастырған. Қолдан карта және ойын тас жасап, бір жылдың ішінде 7 млн теңге алған, ол ақшаны сыбайластарымен бірге Өскеменде жалдамалы пәтерде сақтаған.
Астыртын казинода ұтысқа тігу үшін қолма-қол ақша, банк карточкалары, ұялы телефондар, есірткі заттары қабылданған.
Түзету мекемесінде құмар ойындарға жол берген колония қызметкерлері куәгер ретінде жауап берді.