15:30-да магнитудасы 4,6 құрайтын жер сілкінісі болды.
Бұл туралы Геофизикалық зерттеулер институтының сейсмикалық ақпарат жинау және өңдеу орталығы мәлімдеді.
Білім министрлігінің ғылым комитетінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция мәліметі бойынша, жер сілкінісінің магнитудасы эпицентрде 5,7 құрады.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысында 660 км жерде 10 км тереңдікте орналасқан.