Шығыс Қазақстанда жол апатынан екі адам қаза тауып, үш адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда жол апатынан екі адам қаза тауып, үш адам жараланды

Шығыс Қазақстанда жол апатынан екі адам қаза тауып, үш адам жараланды

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, үш адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Мамыр 2005
  • 306
Фото - Caravan.kz

Апат Өскемен-Самара тас жолының 74-ші шақырымында Ұлан ауданында болған. «ВАЗ-2109» автокөлігінің жүргізушісі «Мерседес» көлігімен соқтығысып қалды. Оқыс оқиға салдарынан «Жигулиде» отырған екі жолаушы оқиға орнында қаза болды. «Жигули» жүргізушісі мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.