"Шығысэнерготрейд" ЖШС Шығыс Қазақстан облысындағы электр қуатының бағасы бойынша есептеулерді қоғам назарына ұсынды
Өскемен. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Шығысэнерготрейд" ЖШС Шығыс Қазақстан облысындағы электр қуатының бағасы бойынша есептеулерді қоғам назарына ұсынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Шығысэнерготрейд" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. |
Бүгін қоғамдық тыңдау кезінде энергетиктер электр қуатының бағасының екі түрін көрсетті. "Біріншісінде тұтынушылардың барлық тобына (заңды және жеке тұлғаларға) электр қуатының кВт-сағаты қосымша құн салығын (ҚҚС) 5,73 теңгені құрайды. Екіншісінде халық үшін диференциалды бағаны енгізуді қарастырады. Бұл жоба іске асқан жағдайда орташа баға пайдаланған кВт-сағаттың мөлшеріне байланысты болады", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Шығысэнерготрейд" ЖШС есептеулері бойынша айына 100 кВт-сағаттан артық тұтынылмаған жағдайда ҚҚС есептелмегендегі кВт-сағат 4,324 теңгені құрайды. Айына 100 - 250 кВт-сағат пайдаланылса, онда электр қуатының бағасы кВт-сағатына 4,973 теңгемен есептелінеді. Ол да ҚҚС есептелмегендегі баға. Ал 250 кВт-сағаттан артық пайдалансаңыз ҚҚС қоспағанда кВт-сағатына 6,241 теңге бағамы бойынша есептесесіз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін