Шымбұлақта қар көшкіні болды
![]() |
19 қараша күні Кіші Алматы өзенінің бассейнінде № 26а «Конус» қар көшкінін жинаушыда көлемі 1000 метр куб қар көшкіні болды, деп хабарлайды «Шымбұлақ» тау шаңғысы шипажайынан. |
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында хабарланғандай, оқиғадан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Жолдар ашық.
Бұған дейін Алматы облыстық ТЖД қызметкерлері көшкіннің орын алуы мүмкін екенін ескерткен болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін