Шымкент – Алматы бағытындағы ұшақта 9 жасар бала қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент – Алматы бағытындағы ұшақта 9 жасар бала қайтыс болды

Шымкент – Алматы бағытындағы ұшақта 9 жасар бала қайтыс болды

Шымкент – Алматы бағытындағы ұшақта 9 жасар бала көз жұмды. Air Astanа әуе компаниясының баспасөз мәліметінше, қайғылы оқиға 9 шілде күні болған.

  • 11 Шiлде 2021
  • 48
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, ақ қан дертіне шалдыққан балаға бұған дейін ауыр ота жасалған екен. КС 972 рейсіне отырар сәтте бала өзін нашар сезінгенгендіктен, оны экипаж оттегі аппаратына қосқан.

Бала аппараттың көмегімен 30 минут тыныстап жатқан, алайда артынша тынысы тарылып, көгере бастаған. Ал ұшақ төмендеген кезде есінен танып қалған.

«Әуежайға қонған кезде балаға жүрек-өкпе реанимациясы жасалып, дефибриллятор қолданылды және дереу дәрігерлердің қолына тапсырылды. Өкінішке қарай, оны құтқарып қалу мүмкін болмады», — делінген Аir Astana хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар