ТЖМ ақпаратына сәйкес, Шымкент әуежайында 21 шілдеде 22 сағат 46 минутта «Тәжік Эйр» әуе компаниясының Худжанд-Мәскеу бағытындағы 645 рейс бойынша «Боинг-747» ұшағы желдеткіш жүйесінің істен шығуына байланысты апатты жағдайда қонды.
Ұшақ бортында 147 адам мен экипаждың 8 мүшесі болған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті