Жарияланды: 160

Шымкент банкі клиенттерге 4 мың еуро жалған ақша берген

Шымкент банкі клиенттерге 4 мың еуро жалған ақша берген

Шымкентте бар қызметкерлері клиенттерге жалған еуро беріп келген. Бұл қылмысты қалалық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері әшкере қылған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкенттегі банктердің бірінің қызметкерлері еуроны 500 номиналды банкнотпен беріп келген. Департаменттің мәліметінше, банктің 5 қызметкері алдын ала сөз байласу арқылы клиенттерге жалпы сомасы 4 мың еуро жалған қағаз ақшаны өткізген.

Тергеу барысында белгілі болғандай, 2020 жылы банк қызметкерлерінің бірі жалпы сомадан 25% көлеміндегі сыйақы үшін жалған 6 000 еуроны теңгеге айырбастаған.

Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен кінәлілер 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазіргі таңда банк қызметкерлеріне жалған купюра берген адамға халықаралық іздеу жарияланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін