Жарияланды: 440

Шымкент пен Ақтауда болған үш өрттен төрт адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкент пен Ақтауда болған үш өрттен төрт адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Шымкенттің Елшібек батыр көшесінде көппәтерлі тұрғын үйде, Шымкент маңындағы Бадам ауылының Қарабастау көшесіндегі жер үйде, Ақтау қаласының 9-шы ықшамауданындағы көппәтерлі үйде 28 қазанда шыққан өрттердің салдарынан 4 адамның мәйіті табылып, бір адам ауруханаға жатқызылды. Өрттер ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің күшімен сөндірілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін