Шымкент қаласында карантин ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент қаласында карантин ұзартылды

Шымкент қаласында карантин ұзартылды

Шымкенттің бас санитар дәрігерінің "Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы" қаулысы жарияланды.

  • 6 Қаңтар 2021
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Қаулы бойынша, Шымкентте карантин 25 қаңтарға дейін ұзартылды.

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалықв, той және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, қала бойынша 65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектеледі. Тұрғындар әлеуметтік қашықты кемінде екі метр сақтап, маска тағып жүруі қажет.