Шымкент қаласында қаржы полициясының екі қызметкері мен жер комитетінің қызметкері пара алу үстінде ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент қаласында қаржы полициясының екі қызметкері мен жер комитетінің қызметкері пара алу үстінде ұсталды

Шымкент қаласында қаржы полициясының екі қызметкері мен жер комитетінің қызметкері пара алу үстінде ұсталды

Шымкент. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте пара алу үстінде қаржы полициясының екі қызметкері мен жер комитетінің бір қызметкері ұсталды. Бұл жөнінде "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 5 Қазан 2007
  • 881
Фото - Caravan.kz

«Екінші қазан күні Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитет департаментінің жедел тергеу тобы Оңтүстік Қазақстан облысының Қаржы полициясы департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып алдын ала тергеу және анықтауды ұйымдастыруды әдістемелік-бақылау бөлімінің инспекторы, қаржы полициясының капитаны мен іс жүргізу, бақылау және электрондық құжат айналымы тобының инспекторы, қаржы полициясының лейтенанты 200 АҚШ доллары көлемінде пара алған соң қылмыс үстінде қолға түсті», — деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ұсталғандар алаяқтыққа күдікті Шымкент тұрғынынан, ақысына оның ісіне көмек көрсетуге уәде беріп, ақша боспалаған.

Аталмыш дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабына сәйкес (қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдын-ала келісім бойынша тұлғалар тобымен жасалған алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, дәл сол күні Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Шымкент әкімшілігінің жер қатынастары бөлімінің нұсқаушысын 400 АҚШ доллары көлеміндегі пара алу үстінде ұстады. Шенеунік дүкен салу мақсатында жер телімін бөлу шешімін дайындау үшін облыс орталығының тұрғынын пара беруге мәжбүрлеген.

Бұл дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 331-бабы бойынша (мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлғаның пара алуы) қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті