Шымкент тұрғыны мұғалім әйелін оқушыларының көзінше пышақтап өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент тұрғыны мұғалім әйелін оқушыларының  көзінше пышақтап өлтірді

Шымкент тұрғыны мұғалім әйелін оқушыларының көзінше пышақтап өлтірді

Шымкент тұрғыны мектепте мұғалім болып істейтін әйелін көптің көзінше пышақтап өлтірді. Қызғаншақ күйеу суық қаруын ала жүгіргенде үйде екі оқушы мен немерелері болған. Бала-шағаның көз алдында жұбайын жер жастандырған соң, қаскөй полицейлерге өзі хабарлапты.Арада апта өтсе де мұғалімінің қансырап жатқанын көрген оқушының бірі есеңгіреп, мектепке келе алмай жүр.

  • 19 Ақпан 2014
  • 271
Фото - Caravan.kz

Оқу ісінің үздігі, 26 жыл мектепте ұстаздық еткен Барно Исраилова қаңтардан бері омыртқасына ота жасалып үйінде жатқан. Сол күні 6-шы және 2-ші сыныптың оқушысы Дәурен мен Ділбара ұстаздарының жағдайын сұрап, үйіне келіпті. Қанды оқиға осы кезде болған.

Дәурен Досматов, оқиға куәгері:

-Ері әмиянын  жоғалтып қойған екен. 3-4 рет сұрады. Соны менен көріп тұрсың ба деп пышақ алып шықты. Бізді шығарып жіберді. Кейін пышақ сілтеп жатқанын естідік.

Содан бері Дәурен де, Ділбара да есеңгіреп жүр. 7 жасар Ділбара тіпті сабаққа келуге қорқып қалыпты. Мектептегі өзге ұстаздар да Барно Исраилованың жоқ екеніне сене алмайды. 48-де марқұм болған ұстаз 26 жыл Хамза мектебінде бастауыш мұғалімі болған. Осы жылы жоғары санаттағы ұстаз атағын алу керек еді дейді әріптестері.

Флора Усманова, марқұмның әріптесі:

-Қаралы күн  сол күні емес, әлі де қаралы күн десе болады. Оқушыларымыз әлі өзіне толық келген деп айта алмаймын. Сондай нені көрген кішкентай балдар.   

Ал, күйеуі Шафкат болса түзде мінезі жібектей болғанымен, үйде нағыз озбыр болған екен. Үлкен ұлы туыла сала бауыр еті баласына сезікпен қараған әке, содан бері үйінде әйеліне отырса опақ, тұрса сопақ қып келген. Ретсіз қызғанып, ұрып жығатын кездері де аз болмапты.


Севара Исраилова, марқұмның қызы:

-Папасы мен тазамын, сөз беремін сізге. Мен балаларым үшін өмір сүріп келе жатқан әйелмін деп, менің алдымда сондай сөздерді айтты, бейшара анам. Сонда да сойып тастады

Туыстарының сөзінше, Шафкат әйеліне 20 рет пышақ салған. Үй іші қаннан көрінбей қалды дейді.Пышақ салған соң Шафкат өзінің туыстарына қоңырау шалып, болған жәйтті айтыпты. Соңынан полицияны өзі шақырған. Қазір, ол қамауға алынды. Ал артында қалған ұл мен екі қызы жауыз әкеге қатаң жаза беруін отыр.