Шымкент тұрғыны үкіметке қарсы шағымда жеңіп шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент тұрғыны үкіметке қарсы шағымда жеңіп шықты

Шымкент тұрғыны үкіметке қарсы шағымда жеңіп шықты

Шымкент тұрғыны Валерий Григорян өз жеңгесі , 34 жастағы Татьяна Лимнің өліміне кінәлі деп тергеу барысында жалған айып таққан құқық қорғау мекемелері тарапынан шеккен шығынның орнын толтыру туралы шағымда жеңіп шықты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне оның қорғаушысы Оксана Браткова хабарлады.

  • 11 Желтоқсан 2003
  • 524
Фото - Caravan.kz

5-желтоқсанда Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Отан Ташетов В.Григорянның анықтама, тергеу, прокуратура және сот органдары тарапынан шектірген шығыны мен моральдық шығынды өтеп беру туралы шағымын жартылай қанағаттандырды. О.Браткованың айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің өз міндетін тиісті деңгейде атқарғаны үшін жауап беруге міндетті ҚР үкіметі сот шешімімен жігітке шығынның өтеміне 300 мың теңге төлейтін болды. Шағымның бастапқы құны 10 млн. теңге болатын.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 28-маусымда облыстың орталық стадионында 34 жастағы Татьяна Лимнің өртенген мүрдесі табылған болатын. Тексеру кезінде ол жеті жерінен пышақталу салдарынан қайтыс болғаны анықталған. 29 жастағы Валерий Григорян жеңгесінің өліміне кінәлі күдікті ретінде ұсталды. Григорянға ешбір айып тағылмастан 10 тәулік бойы қамауда отырған, алғашқы тәуліктерде оған тіпті адвокат та жіберілмепті. В.Григорянның мәлімдеуінше, тұтқындау кезінде оған өз жеңгесін өлтірдім дегенді күшпен мойындату үшін құқық қорғау мекемесінің қызметкерлері тарапынан тізе батырылып, моральдық қысым көрсетілген.
Соңынан бұған дейін сотқарлығы мен ұрлығы үшін сотталған 24 жастағы жігіттің пәтерінен өлген әйелдің ұялы телефоны мен заттары табылды. 7-қарашада күдікті тұтқынға алынды. Ол әйелді өлтіргенін мойындады.
Облыстық сот В.Григорянның ұсталу дерегін заңсыз деп тауып, оның адвокаттары Астанада ҚР үкіметіне қарсы шағым түсірді. Адвокат О.Браткованың айтуынша, «олар үшін ақша емес, төтенше оқиғаның өзі маңызды болмақ». Қазір О.Браткова әріптестерімен бірге Валерийді тұтқындау кезінде адвокаттың іс-қызметіне кедергі келтіру дерегі бойынша шағым түсіруді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар