Шымкент жастары жеңіс күніне ерекше тарту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент жастары жеңіс күніне ерекше тарту жасады

Шымкент жастары жеңіс күніне ерекше тарту жасады

Шымкенттік жастар да Жеңіс күніне құрметтерін граффитимен көрсетті. Қабырғаға салынған бұл сурет арлы-берлі өткен қала тұрғындарының бірден көзіне түсетін жерде тұр.

  • 9 Мамыр 2014
  • 263
Фото - Caravan.kz


Ені 5 метрлік суретке бір қарағанда ешқандай ерекшелік жоқ сияқты. Авторлар қала орталығындағы бетон плитаға Әлия Молдағұлованың бейнесін салып, әрқашан есімізде деп жазыпты. Қарапайым сырмен патриоттық туындыны салған 3 жігіт өкінішке қарай аты-жөндерін атамаған. Себебі, кез-келген қабырғадағы сурет вандализмнің белгісі саналады. Бірақ, музейдегі қол жетпейтін туындыларға қарағанда қарапайым адамдардың қиялынан туған мұндай граффитилерді жұрт әлдеқайда жылы қабылдайды екен.